Жыл басынан бері Үкіметтің 111 қызметкері сыбайлас жемқорлықпен істі болған. Парақорлық бойынша істі болғандардың 102-і ауыр қылмыс санатына жатады. Президент бюджетті талан-таражға салмауға үндеп жатса да, шенеуніктер қаперіне ілер емес. Жемқорлық жайлаған министрліктер қайсы? Пара бергендер көп пе, алғандар көп пе? Жалғас Зейнолла білді.
Алаяқтар тұрғындарға жалған түбіртек жолдай бастаған. Меншігінде автокөлігі жоқ болса да, көлік салығын төлеуді талап еткен хабарламаларды тарату тыйылмай тұр. Түбіртектің жалған екенін қалай ажыратуға болады? Айғаным Достанбай тексеріп көрді.
Шымкенттік ардагерлерді әкім алдап кеткен көрінеді. Қариялар қаладағы жалғыз шахмат орталығы сүріліп, далада қалдық деп қапалы. Ардагерлерге әкім қандай уәде берген? Назерке Үкібасова тарқатады.
Вторник, 20 сентября 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.