АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 21.09.2022

Еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауы 20 қараша күні өтетін болды. Тиісті қаулы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Саяси науқанды ұйымдастыру мен өткізуді Орталық сайлау комиссиясы қамтамасыз етеді. Құжатта республикалық маңызы бар үш қала мен барлық облыс әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауға міндеттелгені айтылған.

Ресей президенті Владимир Путин жартылай әскери мобилизация жариялады. Бүгіннен бастап әскери билеті бар ер адамдар армия қатарына қосылуға міндетті. Соғыс басталғалы мобилизация болмайды деп келген Мәскеудің бұл шешіміне не түрткі болды? Украинаның оккупацияланған аумақтарында референдум өте ме? Жансая Қапасқызы Ресейдегі жағдайды шолып шықты.

Әлемде геосаяси жағдай күн өткен сайын ушығып жатқанда Қазақстанның қорғаныс саласы жастарды әскер қатарына тартудың амалын іздеп әлек. Реформадан қолдары босамай жатқан ведомство жақында армияға ынталандырудың жаңа тәсілін ұсынды. Жалпы еліміздің әскери әлеуеті қандай? Қорғаныс саласын күшейтуге Ұлттық қордан қаражат бөлу қажет пе? Әріптесіміз Айғаным Достанбай толығырақ тарқатады.

Среда, 21 сентября 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар