Прокурор соттан Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айыруды және мүлкін тәркілеп, лауазымды қызметпен айналысуға 10 жылға құқығын шектеуді сұрады. Сонымен қатар, мемлекеттік айыптаушы Сатыбалдының қамауда болған әр күнін 1,5 күнге есептеуді сұрады. Өз кезегінде Қайрат Сатыбалды кесілген жаза түрімен толықтай келісті.

Бейсенбі, 22 Қыркүйек 2022, 19:36

Соңғы шығарылымдар