Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте, яғни ертең басталады. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы алдағы саяси науқанның өту тәртібі жөнінде жиын өткізді. Алдағы сайлауға тағы қандай өзгерістер енгізілді? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай толығырақ тарқатады.
Енді қазақстандықтар 1 желтоқсанда демалмайды. Тұңғыш президент күні күнтізбедегі мереке санатынан алынып тасталды. Депутаттар тағы қандай өзгерістерді мақұлдады? Сенат отырысынан әріптесіміз Айғаным Достанбай сабақтайды.
Ресей президенті Владимир Путин жартылай әскери мобилизация жариялағаннан кейін көрші елде жаппай наразылық акциялары тұтанды. Кейбіреулері елден кетіп жатыр. Салдарынан әуе билеттерінің құны шарықтап, шекараларда кептеліс пайда болды. Путин жарлығының әсері туралы толығырақ Жансая Қапасқызы айтады.
Четверг, 22 сентября 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.