Ирандағы наразылық: отыздан астам шеруші мерт болып, елде интернет өшірілді

Иранда Махса Аминидің өлімінен соң өршіген наразылық акцияларында 30-дан астам адам мерт болды. 22 жастағы қызды хиджабын дұрыс кимегені үшін полиция қамауға алып, артынша қайтыс болған еді. Шерулер 100-ден астам қала мен 30 шақты провинцияда өтіп жатыр. Демонстранттар билік пен полицияның озбырлығына ашулы. Олар тәртіп сақшыларымен қақтығысып, үкімет ғимараттарын өртеуде. Полиция көз жасаурататын газ қолданып, халыққа қарсы оқ атқан. 5 тәртіп сақшысы қаза болды. Жағдайдың ушығуына байланысты елде интернет өшірілді.

Жұма, 23 Қыркүйек 2022, 19:34

Соңғы шығарылымдар