АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 23.09.2022

Кезектен тыс Президент сайлауына үміткерлерді тіркеу бүгін басталды. Олар 11 қазан сағат18:00-ге дейін құжаттарын тапсырып үлгеруі тиіс. Сондай-ақ, кандидаттар талапқа сай 3 миллион теңге жарна төлеуі қажет. Елдегі қоғамдық бірлестіктер өз үміткерлерін ұсынды ма? Оларға қойылған негізгі талаптар қандай? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай айтып берсін.

Соңғы екі күнде Ресейден Қазақстанға кіріп жатқандардың саны күрт артып, кептеліс созыла түсті. Осыдан кейін Ұлттық Қауіпсіздік комитеті пікір білдіріп, ерекше бақылауға алдық деп мәлімдеді. Ал елдегі белсенділер болса шекараны уақытша жабуды талап етіп жатыр. Шекара жабыла ма? Қазақстандықтардың пікірі қандай? Елге келмей жатып, мұндағы құндылықты келеке етіп жатқан кімдер? Жалғас Зейнолла білді.

Теріскейдегі көршіміздің Қазақстанға үдере көшуі тұрғын үй нарығына айтарлықтай әсер етуде. Пәтерді жалға беру бағасы айналдырған екі күннің ішінде аспандап кетті. Қазір Алматыда баспананы бір ай жалдап тұру құны 400-600 мыңнан бір-ақ шыққан. Нарықтағы дүрбелең отандастарымыздың да қалтасын қағады деп отыр мамандар. Айғаным Достанбай тақырыпты тарқатады.

Жұма, 23 Қыркүйек 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар