Ресейден келгендер отандық еңбек нарығына еш әсер етпейді – Тамара Дүйсенова

Ресейден келгендер отандық еңбек нарығына салдарын тигізбейді. Егер ондай жағдай орын алса, заң жүзінде тосқауыл қоямыз,-дейді Еңбек және халықты әлеуметті қамту министрі Тамара Дүйсенова. Министр жыл басынан бері  6518 ресейліктің Қазақстанға жұмысқа орналасуға келгенін растаған. Сондай-ақ осы уақыт аралығында 15 мыңнан астам шетелдікке елімізде еңбек етуге рұқсат берілген. Ал Еуразиялық экономикалық ұйымға мүше елдердің тұрғындарына Қазақстанда жұмыс істеуіне рұқсат алмаса да болады. Оның қатарында Ресей де бар.

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2022, 20:00

Соңғы шығарылымдар