Президент сайлауы – 2022: әлі бірде-бір  кандидат тіркелген жоқ

Президент сайлауына бірде-бір кандидат тіркелген жоқ. Орталық сайлау комисиясының хатшысы әлі еш үміткер жоқтығын айтты. Сондай-ақ президент сайлауына ешқандай партияның өкілі емес кандидат та қатыса алады. Биыл үміткерлерге қоятын талаптар жеңілдеді,- дейді комиссия мүшелері. Мәселен, кандидаттарға қол қою парағын беру мерзімі еке есеге қысқарған. Үміткерлер жинаған 118 адамның қолын тексеру де 10 күннен 5 күнге қысқарған. Бірақ Қазақстан заңнамасында сайлаушылардың жартысынан көбі «бәріне қарсымын» деген тармақты таңдаса, сайлаудың әрі қарай өту тәртібі реттелмеген.  Сондықтан мұндай жағдайда қай кандидат елу пайыздан көп дауыс алса, сол жеңген болып есептеледі,-дейді комиссия мүшелері.

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2022, 20:01

Соңғы шығарылымдар