«Жетінші арнада» ТҰСАУКЕСЕР! Бүгін сағат 21:30-да телеарна эфирінен «Boss әйел» жаңа телехикая көрерменге жол тартады. Комедия жанрындағы төл туынды Алматыда түсірілді. Телехикаяда гендерлік теңдік мәселесі астарлы әзілмен көрсетіледі. Сценарийге сай, әйелі күйеуінің бастығы болып тағайындалады. Бұл шешім ерлі-зайыптылар арасында түсінбеушілік тудырып, сол күннен бастап қарапайым отбасының өмірі шытырманға айналады. «Boss әйелді» актриса Гүлбахрам Байбосынова сомдаса, оның күйеуін ойнау белгілі актер Нұрдәулет Шертімге тапсырылған. Жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен түсірілді.
Понедельник, 26 сентября 2022, 20:05
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.