Шудағы атыс: адам өліміне қатысы бар күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды

Шу қаласында адам өлтірген күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.  Қанды қылмысқа қатысы бар қаскөй бой тасалау үшін Қырғызстан асып кетуі мүмкін. Өткен сенбіде жол талғамайтын көлік мінген бір топ жігіт жергілікті тұрғындарға оқ жаудырған. Салдарынан 23 пен 26 жас аралығындағы төрт жігіт аурухана түсіп, біреуі ауыр жарақаттан қайтыс болады. Төсек тартқан ұлдарының өміріне алаңдаған ата-аналар оқ атқан адамдар ауқатты адамдардың балалары деп күдіктенеді. Олар «тірі қалған ұлдарымыз ұзақ уақыт тергеліп жатқанда, жазықтылар жазадан құтылып кетуі мүмкін» деп уайымдайды. Ата-аналардың айтуынша, қос көлікке мініп қыдырып жүрген жастарды артынан қуып жеткен белгісіз біреулер атқан.

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2022, 20:01

Соңғы шығарылымдар