Соңғы 4 күн ішінде Ресейден келушілер саны тәулігіне 30 мыңға жетті. Шекарадағы көлік жүктемесі көбеймесе, азаяр емес. Бұдан бөлек қолына қару алып, заңсыз өтпек болғандар да бар. Жалғас Зейнолла тарқатады.
Ресейдегі ішінара мобилизация ел ішінде хаос туғызумен қатар, көршілес мемлекеттерге де кесірін тигізіп жатыр. Ел аумағында наразылық акциялары жалғасуда. Кей қалаларда әскери комиссариаттар өртеніп, бүгін Иркутск облысында ер адам комиссия басшысын атып тастады. Ал шетелге қашқандардың жайы не болмақ? Шекарадан ағылған ресейліктер легіне өзге мемлекеттер тосқауыл қоя ма? Жансая Қапасқызының материалында.
«Жалдамалы пәтердің айлық ақысын 200-ден 600 мыңға көтеріп жіберді». Ресейден толассыз келіп жатқан «келімсектердің» кесірінен кей отандастарымыз далада түнеуге мәжбүр. Ұрымтал сәтте пайдаға кенелуді көздеген пәтер иелері жалдау құнын 4-5 есеге дейін шарықтатып жіберген. «600 мың төлейсің, болмаса үйді босат!» Баспанасыз қалған тұрғындардың жанайқайын тыңдап қайтқан әріптесіміз Айғаным Достанбай толығырақ тарқатады.
Понедельник, 26 сентября 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.