Таразда 4 млрд теңгеге салынуы тиіс біркелкі 255 үйдің құрылысы тұралап қалды

Таразда 4 млрд теңгеге тұрғызылады деген таунхаустар жобасы әлі күнге тұралап тұр. Осыдан 4 жыл бұрын бітуі тиіс 255 үйдің бүгінде тек 46-сы ғана берілген. Жоба жарты жолда тоқтағандықтан ұрылар үйдің жарық және жылу желілерін қолды қылыпты. Бірақ соған қарамастан құрылысы біткен үйлер несиеге берілген.Тұрғындар инфрақұрылым желілерін қалпына келтіруге ақша шығындап жатқанын айтады.

Сейсенбі, 27 Қыркүйек 2022, 19:43

Соңғы шығарылымдар