АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 27.09.2022

Қазақстандықтардың мүддесі бірінші орында тұрады. Кешегі «келіп жатқан ресейліктерді жұмыспен қамту керек» деген сөзі үшін бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай ақталды. Айтуынша, кейбірі оны қате түсініп қалған. Үкімет, шынымен де, ресейліктерді жарылқамақ па? Министрлердің жауабын Жалғас Зейнолла тыңдап қайтты.

Министрлер «бәрі бақылауда» деп жайбарақат отырғанда, ЖСН алуға ұмтылған ресейліктер көбейді. Астананың Халыққа қызмет көрсету орталығында шетелдік азаматтар сағаттап кезек күтуде.  Әріптесіміз Айғаным Достанбай  көрші ел азаматтарын сөзге тартып, жоспарларын сұрап көрді.

Енді Ресейде мобилизациядан шетелге қашқандар шекарадан әскерге әкетілуі мүмкін. Әскерге жаппай шақыртуда қателіктер жіберілгенін мойындаған ел билігі осындай шара қолданбақ. Ал Украинаның оккупацияланған өңірлерінде бүгін референдумдар аяқталуға жақын. Киев пен батыс елдері бұған не дейді? Жансая Қапасқызы анықтап көрді.

Сейсенбі, 27 Қыркүйек 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар