АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 28.09.2022

Ресейден келіп жұмыс істеушілерге еш шектеу жоқ. Көрші елдің жастары бір одақтағы Қазақстанда емін-еркін жұмыс істей алады. Үкімет осылай деп отыр. Ал ресейліктердің елімізге көптеп келуінен не пайда? Әріптесіміз Айғаным Достанбай тарқатады.

Елімізде Ресейдегі мобилизациядан қашқан азаматтардың қарасы күннен күнге көбейіп барады. Олардың жүз мыңнан астамы ЖСН рәсімдеп үлгерген. Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары күшейтілген режимде қызмет көрсетіп жатыр. Бүгін арнайы ресейліктер үшін Жастар сарайында жаңа штаб құрылды. Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай толығырақ тарқатады.

Астанада жалға берілетін пәтерлердің құны бір тәулікке 60 мың теңгеге жетті. Күні кеше 10-15 мың теңгенің маңайында болған пәтерлердің қазіргі орташа бағасы 30-40 мың теңге. Үкімет баға нарығын неге реттей алмаймыз дейді? Әлеуметтік жағдай қандай салдарға әкеліп соғуы мүмкін? Жалғас Зейнолла білді.

Сәрсенбі, 28 Қыркүйек 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар