Қазақстанда ұн қымбаттады. Былтырғы жылмен салыстырғанда ұнның бағасы 41 пайызға өскен. Ал соңғы бір айда 4,3% көтерілген. Energyprom мәліметінше, ұн соңғы он жылда бұлай қымбаттамаған. Себебі бұған дейін айлық өсім ары кетсе 1 пайызды құрайтын. Тамыз айында қымбатшылық, әсіресе, Павлодар, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарында байқалған.
Четверг, 29 сентября 2022, 19:45
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.