АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 30.09.2022

Орталық Азиядағы ең үлкен көпірге ие Семейде тағы бір көпір салынатын болды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жасаған сапарында мәлімдеді. Ұлылар өлкесі қалай өзгермек? Мемлекет басшысы қандай уәделер берді? Жалғас Зейнолла толықтырады.

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Запорожье және Херсон облыстарын тәуелсіз деп мойындады. Бірер минуттан соң оларды Ресейдің құрамына енгізу туралы келісімшартқа қол қойылады. Бұның салдары қандай болмақ? Жансая Қапасқызы толығырақ тарқатады.

Ресейде мобилизация басталғалы Қазақстанға келген ресейліктердің ешбірі заң бұзбаған. Ішкі істер министрлігі осылай деп отыр. Көрші елден күн сайын келіп жатқан азаматтарға қандай талап қойылады?  Ресейліктерді қандай жағдайда депортациялайды? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай анықтап көрді.

Пятница, 30 сентября 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар