Белгілі әнші Төреғали Төреәлі қамауға алынды

Көлсай демалыс аймағында гидті ұрып, қабағын жарғаны үшін танымал әнші Төреғали Төреәлі қамауға алынды. Полиция «Ұлы дала баласының» үстінен «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғаған. Ішкі істер министрлігінің сайтында Төреғалидың изоляторға қамалған сәтінің видеосы жарияланды. Ал Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оның ұсталғанын растады.  Айта кетейік, бұзақылық бабы бойынша Төреғалиға екі мың айлық есептiк көрсеткiш немесе 6 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін. Кодексте екі жылға дейін бас бостандығын шектеу де қарастырылған.

Жұма, 30 Қыркүйек 2022, 19:41

Соңғы шығарылымдар