Ресейдегі этникалық қазақтарға қолдау көрсетуге дайынбыз – СІМ

«Ресейдегі этникалық қазақтарға қолдау көрсетуге дайынбыз». Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі осылай деп мәлімдеді. Журналистердің сұрағына жауап берген Айбек Смадияров тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап шетелде тұратын қандастарымызды тарихи отанына оралуға үндеп келе жатқанымызды және оларға көрсетіліп отырған қолдау да жыл сайын жақсарып жатқанын атап өтті. «Ресейде тұратын отандастарымызға шекарамыз бен есігіміз айқара ашық», – деді Смадияров мәлімдемесінде.

Дүйсенбі, 03 Қазан 2022, 19:38

Соңғы шығарылымдар