АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 03.10.2022

20 қарашада өтетін президент сайлауына қатысуға ниетті тағы бір кандидат ұсынылды. Ең қызығы, үміткер болғысы келетіндер арасында елге танымал ешкім жоқ. Әріптесіміз Айғаным Достанбай толығырақ баяндайды.

Украина күштері оккупацияланған жерлерін бірінен соң бірін қайтарып жатыр. «Соның ішінде Донецкімен байланыстыратын Лиман қаласының азат етілуі соғысқа жаңа серпін берді», – дейді сарапшылар. Ал НАТО басшылығы Украина оккупацияланған аймақтарды түгелдей қайтаруға қауқары жетеді деп отыр. Жансая Қапасқызы толығырақ.

Астанада көпбалалы және жалғызбасты аналар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне басып кірді. Наразы топ мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына енгізілген жаңа өзгерістер тиімсіз деп ашынуда. Мәселен, «Бақытты отбасы» бағдарламасынан жалғызбасты аналарды мүлдем алып тастаса, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған аналардың ипотека алуға табыстары жетпей жатыр. Министрлік бұған не дейді? Аналар қандай талап қоюда? Сол жиынға қатысқан әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай айтып береді.

Дүйсенбі, 03 Қазан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар