Бас прокуратура қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс себебін атады

Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс оқ-дәрінің тұтануынан болуы мүмкін. Осыдан бір ай бұрынғы апатқа қатысты Бас прокуратура осылай деп мәлімдеді.

Тергеу нәтижесіне сенсек, дүкеннің жертөлесінде 40 келідей «Сокол» оқ дәрісі сақталған. Оны дүкен қожайыны Қарағандыдан арнайы сатып әкеліпті. Бас прокуратура жүктерді жеткізу кезінде ереже бұзылған дейді. Сондай-ақ сол күні күн ыстық болып, ауа темпаратурасы 36 градусқа жеткен.

Айта кетсек, Қостанай облысындағы орман өрті өршіген сәтте қаладағы қару-жарақ дүкені де отқа оранған. Жалын дүкенге жапсарлас орналасқан үйлер мен нысандарды да шарпыған. Жол бойында тұрған алты көлікке зақым келген. Өрт салдарынан 11 адам зардап шегіп, оның төртеуі қайтыс болған еді.

Сейсенбі, 04 Қазан 2022, 19:39

Соңғы шығарылымдар