Мобилизациядан қашып, біздің елге ағылған ресейліктер ЖСН алып, енді жұмыс істеуге кірісіпті. Кейбірі тіпті жеке мектеп ашпақ. Олардың Қазақстанда еш қиындықсыз жұмысқа орналасып, бизнес аша алатыны рас па? Заңгерлер қандай қауіп бар дейді? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбайдың репортажында.
Қазақстандағы 800-ге жуық вагон ескірген. Яғни терезесі ашылмайды, жазда қапырық, қыста суық. Соған қарамастан теміржол билетінің бағасы қымбат. Тіпті кей пойыздар уақытынан сағаттап кешігеді. Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл пойызға мініп, жолаушы таситын вагондардың жағдайын біліп қайтты.
Шымкентте ерекше балаларға арналған жалғыз орталық сүрілгелі жатыр. Дамуында тежеуі бар сәбилердің аналары көз жасы көл болып, әкімдіктен көмек сұрап отыр. Шенділердің жалғыз орталықты жабуына не түрткі? Шымкент билігін ерекше балалардың тағдыры неге ойландырмайды? Назерке Үкібасова тарқатады.
Вторник, 04 октября 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.