«Қазақстанда олигархтық капитализм заманы өтті. Ел азаматтары әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі тиіс». Бүгін Қарағанды облысына барған Президент өңір жұртымен кездесуде осылай деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы елімізде жұмыс істейтін ірі өндіруші компаниялардың қызметін қатаң бақылауда ұстайтынын айтты. «Капиталды шетелге заңсыз шығаруға да жол бермейміз», — деді. Президент еліміздің көк түсті паспортының мәртебесіне де айрықша тоқталды. Оның айтуынша, бұл құжатты бүкіл әлем таниды және құрметтейді. Сондықтан «паспорт әділдіктің символы болуы керек», — дейді.
Среда, 05 октября 2022, 19:31
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.