Мәжілісмендер: шетелдіктерді бейімдеу орталықтары ашылуы тиіс

Шетелден көшіп келгендер Қазақстанның заңына бағынуы керек. Бүгін бір топ Мәжіліс депутаты Үкімет басшысына осылай үндеу жолдады. Айтуларынша, иммигранттар үшін әрбір қала мен елді мекендерде бейімдеу орталықтары ашылуы тиіс. Бұл жерлерде шетелдіктер еліміздің тарихы мен салт-дәстүрі, мәдениеті және Конституция заңдарымен танысуға міндеттелуі қажет. Сонымен қатар қазақ тілі курстарын ашуды назарға алуды ұсынды. Мәжілісмендер премьер-министрдің Қазақстанда қанша Ресей азаматы бар екенін нақты анықтап, есеп беруін деп талап етті.

Сәрсенбі, 05 Қазан 2022, 19:32

Соңғы шығарылымдар