Бір күннің ішінде Тоқаевтың кандидатурасын бірнеше ұйым ұсынып отыр. Осылайша елімізге белгілі 4 ұйым мен мәслихат депутаттары президенттіке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынуды бастап кетті. Ал «Ауыл» партиясының атынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев бүгін Орталық сайлау комиссиясына құжат өткізді.
Украина елшісі Петр Врублевский Қазақстаннан кететін болды. Бүгін Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров осылай деп мәлімдеді. Украина тарапы қазір Қазақстанға жіберу үшін жаңа елші іздеп жатыр екен. Бұған не себеп? Айя Мүтәлі тарқатады.
Ресейліктердің ағылуынан Алматыда жалдамалы пәтер құны шарықтап барады. Баспана бағасының қымбаттауы мәскеуліктердің өзін таңғалдырған. Ал қожайындар ресейліктерге пәтерін жалға беруден бас тартып жатыр. Себебін әріптесім Бауыржан Жақсымбет біліп қайтты.
Среда, 05 октября 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.