Захарованың мәлімдемесі: ҚР СІМ ресейлік елшіге не айтты?

Қазақстандағы Ресейдің елшісі Алексей Бородавкин Сыртқы істер министрлігіне маңызды мәселе бойынша шақырылды. Ресми өкіл Айбек Смадияровтың айтуынша, біздің тарап ресейлік дипломатпен қаттырақ сөйлескен. Олар Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың сөзін талқылаған. «Оның сөзі тең құқылы стратегиялық әріптестік сипатына қайшы», – деді Смадияров.

Еске салсақ, Захарова Қазақстандағы Украина елшісі Врублевскийге шүйлігіп, сол үшін Ресейдегі елшіміз Ермек Көшербаевты шақыртқан. 

Бейсенбі, 06 Қазан 2022, 19:47

Соңғы шығарылымдар