Жамбылда жоғалып кеткен келіншек төрт тәуліктен кейін жазық даладан табылды. Полиция арып-ашып, әбден әлсіреген әйелді өлім аузында жатқан жерінен әрең таптық деп отыр.
Игілік ауылының 37 жастағы тұрғыны үйінен ешкімге айтпай шығып кеткен. Жақындары жоғалғанын сақшыларға хабарлап, іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылған. 300 адам шөл даланы кезіп жүріп, Түркістан облысына жақын жерден тапқан. Ал жоғалған әйелдің бір баласы бар. Келіншектің ақыл есінде ауытқуы болғандықтан, 11 жылдан бері есепте тұр. Ол бұған дейін де үйден кетіп қалған екен.
Четверг, 06 октября 2022, 19:53
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.