Ресейде мобилизациядан бас тартқан адамға қатысты алғашқы қылмыстық іс қозғалды. 32 жастағы Пенза қаласының тұрғыны шақыртуға қол қоюдан бас тартқаны үшін тұтқындалған. Қамауда отырғанына екінші күн. Бүгін сот үкімі шығуы тиіс. Егер кінәлі деп танылса, 15 жылға дейін түрмеге қамалуы ықтимал. Бұл – мобилизациядан қашқандарға қарсы қозғалған алғашқы қылмыстық іс.
Қазақстанда білім беру ақысы шамамен 14 пайызға қымбаттап кеткен. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары баға. Алайда соған қарамастан, осы жылы оқуға түскен студенттердің 62 пайызы ақылы бөлімде оқиды. Ал жоғары оқу орнында оқитын студенттер білім сапасы мен оқу ақысы сәйкес келмейді деген пікір айтуда. Білім беру құнының өсуіне жауапты министрлік не дейді?
Бүгін Астанада елдегі үш саяси партия бір уақытта съезд өткізіп, үшеуі де президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Алдымен Amanat партиясы, артынша өзгелері бірауыздан мақұлдады. Аманаттықтар Тоқаевтан басқа лайықты кандидат жоқ деп отыр.
Четверг, 06 октября 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.