Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы орынбасары 7 жылға сотталды

Қазақстан қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы орынбасары мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 7 жылға сотталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Марат Шайхутдинов үкіммен 21 қыркүйек күні танысқан. Экс-шенеунік наурызда ұсталған.

Назарбаевтың көмекшісі болған Марат Шайхутдиновтен бөлек қылмыстық іске қатысы бар «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің бұрынғы екі қызметкері де сотталды. Мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен Леонид Скаковский 11 жыл 3 айға, ал Олег Ждан «тыңшылық» жасағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жұма, 07 Қазан 2022, 19:52

Соңғы шығарылымдар