Алдағы аптада елімізге бірқатар мемлекеттің басшысы келетіні белгілі болды. Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды тұлғалармен бірге Астанада халықаралық іс-шараларға қатысады. Қазанның 11-12-сінде Катар әмірі Шейх Тәмим бен Хамад әл Танидың сапары күтілуде. 12-13-інде Ердоған, ал қазанның 15-сінде Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов келеді. Сондай-ақ елімізге Путин келеді деген нақтыланбаған ақпарат бар. Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 6-саммиті өтеді. Соның аясында екіжақты кездесулер жоспарланған.
Пятница, 07 октября 2022, 19:51
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.