Астанаға мемлекет басшылары келе жатыр. Мақсат қандай?

Алдағы аптада елімізге бірқатар мемлекеттің басшысы келетіні белгілі болды. Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды тұлғалармен бірге Астанада халықаралық іс-шараларға қатысады. Қазанның 11-12-сінде Катар әмірі Шейх Тәмим бен Хамад әл Танидың сапары күтілуде. 12-13-інде Ердоған, ал қазанның 15-сінде Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов келеді. Сондай-ақ елімізге Путин келеді деген нақтыланбаған ақпарат бар. Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 6-саммиті өтеді. Соның аясында екіжақты кездесулер жоспарланған.

Жұма, 07 Қазан 2022, 19:51

Соңғы шығарылымдар