Шымкенттік таксист Еуропа түрмесіне қамалды

Қазақстандық азамат Еуропаға жұмыс істеймін деп барып, түрмеге қамалды. Шымкенттік Қанатбек Өтебектің ата-анасы жалғыз ұлымен екі айдан бері хабарласа алмай отыр. Жақындары Сыртқы істер министрлігінен көмек сұрайды.  

Шымкенттік Қанатбек Өтебек биыл шілде айында Чехияға аттанған екен. Отбасының асыраушысы шетелге нәпәқа табуға кетіпті.

Қазақстандық азамат Еуропаға кетпес бұрын Түркістан әкімдігінде 170 мың теңге айлыққа даяшы болып жұмыс істеген. Екі баланың әкесі қарызынан құтылу үшін туристік визамен шекара асып, таксист болып жұмыс істеген.

Жұма, 07 Қазан 2022, 19:58

Соңғы шығарылымдар