Нұрлан Әуесбаев ОСК-ға құжат тапсырды: үміткердің көңіл күйі қалай?

Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партия кандидаты Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжат өткізді. ОСК өкілдері құжатты қабылдап, екі күн ішінде жауап беретінін айтты. 65 жастағы кандидат партияның Астанадағы бөлімін басқарады. Бұған дейін атқарушы органдарда істегені белгілі. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өткен сайлауларда кандидат ұсынбай, байкот жариялаған. Сайлау алдында қобалжып жүргенін айтқан Нұрлан Әуесбаев 118 мың қолды партия көмегімен жинамақшы.

Пятница, 07 октября 2022, 19:57

Соңғы шығарылымдар