Ауылда сәби өлімі 30%-ке артып кеткен. Мұны бүгін мәжілісте есеп берген Денсаулық сақтау министрі өзі айтты. Себебі кей ауылда емхана да жоқ, болса маман тапшы. Иә, елімізде 200-ден астам ауылдық жерде медициналық нысан атымен жоқ. Ауырғандар облыс орталығына сабылуға мәжбүр. «Әдетте форумдар мен түрлі басқосуларға миллиондап ақша аямайтын әкімдер халықтың денсаулығына салғырт», – дейді мәжілісмендер.
Понедельник, 10 октября 2022, 20:54
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.