Мал іздеп шыққан 18 жастағы жігіт өлім аузынан қалды

Ақтөбе облысында мал іздеген 18 жастағы жігіт жоғалып кетті. Оқиға Мәртөк ауданында болған. Белгілі болғандай, түстен кейін мотоциклге отырып, ірі қараны іздеуге шыққан. Із-түзсіз жоғалған азаматты Төтенше жағдай қызметі екінші тәулікте ғана анықтай алды. Күннің суытуы үздіксіз іздестіруге кедергі келтірді. Дрон ұшыру арқасында ауылдан он шақырым жерде ауыр халде жатқан жігітті тауып алды. Қалың киімі үсіп кетуден сақтапты.

Дүйсенбі, 10 Қазан 2022, 21:00

Соңғы шығарылымдар