АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 10.10.2022

Бүгін таңертеңнен бері Киев пен бірнеше қалада жарылыстар болды.  Украина билігі қала ортасына зымыран түскенін растады. Қаза тапқан және жарақат алған бейбіт тұрғындардың нақты саны белгісіз. Ресейдің шабуылдарды күшейтіп, жойқын соққы беруіне не себеп?

Астанада 24 отбасын жатақханадан қуып жатыр. Тұрғындар қожайын 15 күннің ішінде көшіп кетіңдер деп талап қойғанын айтады. «Далада қаламыз ба?», – деп шырылдаған отбасының жағдайын тілшіміз Жансұлу Жиенқұл көріп қайтқан еді.

Бүгін таңертең Шымкентте жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан анасы мен қызын көлік қағып кетті. Соққының қатты болғаны сонша оларды жүз метр жерге лақтырып жіберген. Екеуі де оқиға орнында тілге келмей жан тапсырды. Ал қара көлікті 24 жастағы жігіт тізгіндепті.

Дүйсенбі, 10 Қазан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар