Қазақстан елшілігі ел азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды

Украинадағы Қазақстан елшілігінің өкілдері эвакуцияланады. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі осылай деп отыр. Әзірге дипломаттардың қайда көшірілетіні белгісіз. Сондай-ақ Украинада қазір нақты қанша отандасымыз жүргені туралы да ақпарат жоқ. Министрлік осы күнге дейін Қазақстан азаматтарының ешбірі эвакуциялау туралы өтініш бермегенін айтады. Соған қарамастан Елшілік мемлекеттік нысандарға шабуылдың күшеюіне байланысты отандастарымызды кешеден бері Украина аумағынан тезірек кетуге шақырып жатыр.

Сейсенбі, 11 Қазан 2022, 19:51

Соңғы шығарылымдар