Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Прокуратура бүгін сотты қараған судьядан экс-министрге осынша жаза мерзімін беруді сұрады. Ал оның орынбасары болған Олжас Әбішевті 5 жылға соттауды талап етті. Сондай-ақ бұрынғы шенеуніктер мемлекетке залал келтіргені үшін 1,5 млрд теңге өтеуі қажет. Ал коронавирус өршіген тұста өкілеттігін асыра пайдаланып, санавиация ұшағын пайдаланғаны үшін Е. Біртанов мемлекетке 5,5 млн теңге қайтаруы тиіс.
Вторник, 11 октября 2022, 19:53
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.