АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 11.10.2022

Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардан құжат қабылдауды аяқтады. 23 қыркүйектен бүгінге дейін, 19 күн ішінде президент болуға оннан астам азамат ниет білдірген. Ал ертеңнен бастап кандидаттарға қол жинауға он күн уақыт беріледі.

Астанада Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары кеңесінің 6-саммиті өтпек. Маңызды шараға 11 елдің президенті келеді. Полицейлер күшейтілген режимге ауысты. Елорда аумағына кіретін бес тасжолға бақылау бекеті қойылып, аумақты әскерилер тәулік бойы күзетіп тұр.

Украинада ракета шабуылынан қаза тапқандардың саны өсті.  Елді мекендерді атқылау бүгін де жалғасып жатыр. Мәскеу мен Киев БҰҰ мінберінен «терроризм жасады» деп бір-бірін айыптады. Ал Ресейді қатаң сынаған батыс елдері Украинаға тағы да әскери көмек бермек.

Сейсенбі, 11 Қазан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар