Қ.Тоқаев президенттікке үміткер ретінде тіркелді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке үміткер ретінде тіркегенін мәлімдеді. Ол ресми тіркеуден өткен алғашқы кандидат.

Президентті тіркеу үшін 120 мыңға жуық қол жиналуы керек. Тоқаевты қолдау ретінде 400 мыңға жуық қол жиналған. Президенттің үміткер куәлігін «Аmanat» партиясының төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов алды. Ол сайлаудың әділ әрі ашық өтетініне ешкім күмән келтірмейтінін жеткізді.

Сәрсенбі, 12 Қазан 2022, 20:15

Соңғы шығарылымдар