АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 12.10.2022

Бала күтіміне орай демалыста жүрген әйелдерге бала үш жасқа толғанша жәрдемақы төлеу керек. Бүгін бір топ депутат Үкіметке осындай ұсыныс сауал жолдады. Мәжілісмендердің бұл ұсынысына Үкімет қандай жауап қайтарар екен? Толығырақ тілшіміз Жансұлу Жиенқұлдың материалында.

Алдағы үш күнде Астанада халықаралық деңгейдегі басқосулар өтеді. Мәртебелі меймандардың алды елімізге келе бастады. Бүгін Қатар әмірі мен Түркия Президентін Тоқаевтың өзі әуежайдан күтіп алып, Ақордада келіссөздер жүргізді.

Ертең өтетін саммитке Путин де келуі тиіс. Қорғаныс министрі Путиннің Астанаға сапары барысында Ресеймен жаңа әскери келісімге қол қойылмайды деп мәлімдеді. Ал Ресей күштері Украина қалалары мен елді мекендерін атқылауды тоқтатқан жоқ. Шабуылдан елдегі энергетика инфрақұрылымның 30 пайызы істен шыққан. Жансая Қапасқызы толығырақ.

Сәрсенбі, 12 Қазан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар