АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 13.10.2022

Бүгін Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды.11 елдің басшысы қатысқан шара алдымен тікелей трансляция арқылы көрсетіліп, түстен кейін жабық есік жағдайында өтті. Саммитте Президенттер не айтты? Әріптесіміз Жалғас Зейнолла мемлекет басшыларын ұшақтан күтіп алудан бастап, басқосудың ең маңызды тұстарын әңгімелеп берсін.

Астанадағы саммит аясында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин оңаша кездесті. Әлем күткен кездесу жабық жағдайда өтті. Әріптесіміз Айғаным Достанбай екі ел басшысының кездесуі туралы айтады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Украинаның 4 өңірін өзіне қосып алуын айыптайтын резолюцияны қабылдады. Құжатқа сәйкес, Ұйым жағдайды бейбіт жолмен шешуге шақырады. Жансая Қапасқызы толығырақ.

Бейсенбі, 13 Қазан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар