Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің көбі жылу маусымына дайын болмай шықты. Қысымға шыдас бермеген құбырлар жарылып жатыр. «Бұл қыста өз пәтерімізде қатып қалуымыз мүмкін», – деп 30 отбасы көмек сұрап отыр. Белгілі болғандай, жылу беру маусымына дайындықты тексеру кезінде құбырлар жарылып қалған. Кесірінен жертөле ыстық суға толып, ал пәтерлер суып кеткен. Енді жылу берушілер бұған тұрғындардың өзін кінәлап жатыр.
Пятница, 14 октября 2022, 19:57
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.