АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 14.10.2022

Астанада бүгін Саммиттің екінші күні, қаладағы қауіпсіздік әлі де күшейтілген тәртіпте. Бүгінгі басқосуға ТМД елдері басшылары қатысты. ТМД саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев Лукашенконы қағытпа қалжың сөзбен түйреп өтті. Жиынның ең маңызды сәттерін Жалғас Зейнолла жеткізсін.

Бүгін Астанаға Мемлекеттік сапармен Түрікменстан президенті келді. Бұл – Сердар Бердімұхамедовтің билікке келгелі Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапары. Мәртебелі мейманды Премьер-министр Әлихан Смайылов әуежайдан күтіп алды.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедовтің кездесуі ертеңге жоспарланған. Қос ел басшысы қандай мәселелерді талқылайды?

Украинаның оккупацияланған өңірлерінен тұрғындар көшіріліп жатыр. Себебі Киев күштері Ресей басып алған жерлерді қайтаруға талпынып, қақтығыстар күшейді. Ракеталар Ресей жеріне де түсіп жатыр. Толығырақ Жансая Қапасқызының материалында.

Пятница, 14 октября 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар