Жол апаты көбейді: жүргізуші салғырттығы ма, сапасыз жолдар кесірі ме?

Жол-көлік апатынан қаза тапқандар саны артты. Жыл басынан бері 2 мыңға жуық адам көз жұмған. Арасында балалар да бар. Жазатайым жағдайлардың көбеюіне не себеп? Жүргізушінің салғырттығы ма әлде сапасыз жолдардың кесірі ме? Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл анықтап көрді.

Күн сайын орта есеппен 7 адам жол апатынан ажал құшады. Осылайша адам өлімі биыл 18 пайызға артқан. Ішкі істер министрлігі осындай мәлімет жариялады. Көз жұмғандар арасында балалар көп. Жыл басынан бері 113 жасөспірім қайтыс болған. «Жол апатының негізгі себебі – жүргізушілердің жауапсыздығы», – дейді Полиция департаментінің өкілдері. Айтуларынша, қазақстандықтар жол белгілеріндегі талаптарға пысқырып та қарамайды.

Понедельник, 17 октября 2022, 19:50

Соңғы шығарылымдар