АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 17.10.2022

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттарды ресми тіркеуді жалғастырып жатыр. Бүгін тағы бір үміткер тіркелді. Ол – «Ауыл» партиясы ұсынған 67 жастағы Жигули Дайрабаев. Комиссия мүшелері оның құжаттарының түгел, жиналған 125 мың қолдың 119 мыңы есепке алынғанын айтып, оған арнайы құжат табыстады.

Исатай мен Құрманғазы аруағынан ұят болды. Бүгін мәжілісмендер қазақ зиялылары жерленген бейіт жанынан өтетін тасжолдың сапасыз салынғанын айтып, министр Қайырбек Өскенбаевты сұрақтың астына алды. «Салаға жыл сайын миллиардтап қаржы бөлінсе де, елдегі жол мәселесі әлі күнге шешілмей келеді», – деді депуттар. Сонымен, Қазақстанда жол сапасы неге нашар? Өзге мемлекеттерде қалай? Айя Мүтәлі тарқатады.

Шымкентте құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды. 22 жастағы жігіттің үстіне бөрене құлаған. Қара жамылған отбасы бәріне жұмыс берушілерді кінәлайды. Сөздерінше, аумақта ешқандай қауіпсіздік шарасы сақталмаған. Құрылыс компаниясы өкілдері не дейді? Назерке Үкібасова қайғылы оқиғаның мән-жайын баяндайды.

Дүйсенбі, 17 Қазан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар