АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 18.10.2022

Үйінде жанжал шығарып, отбасы мүшелеріне зорлық көрсетушілер енді көше сыпыратын болады. ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов: «Заңды қатаңдатамыз», – деді. Қазір әйелдерін ғана емес, өрімдей балаларын да қорлау фактілері жиілепті. Ал қол жұмсаудың арты қайғымен аяқталып жатыр. Толығырақ Айя Мүтәлі тарқатады.

Иранда қыз-келіншектер орамалын шешіп, жаппай наразылық білдіріп жатса, Қазақстанда бет-ауызын тұмшалағандар әлеуметтік желіде көбейген. Қоғам белсенділері құзырлы органдар тексерсін деп дабыл қағуда. Қара жамылып алғандар кімдер? Олар әлеуметтік желіде нені насихаттап жүр?

Денсаулық сақтау министрлігі науқастар арасында ақ халаттылардың ар-намысын таптау көбейгенін айтады. Сол себепті дәрігерлерге пациентті емдеуден бас тарту құқығы берілуі мүмкін. Ақ халаттыларға мұндай құқық берілсе, пациенттердің жағдайы не болмақ? Сарапшылар не дейді?

Сейсенбі, 18 Қазан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар