Президент сайлауы: кандидаттар кім?

Ертең президенттікке кандидаттарды тіркеудің соңғы күні. Бүгін тағы екі үміткер ресми тіркеліп, кандидат куәлігін алды. Журналистер қазір ресми тіркелген кандидаттан сұхбат алып жатыр. Ол – өздерін оппозиция санайтын ұйымнан түсіп жатқан 65 жастағы Нұрлан Әуесбаев. Үміткер «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» атынан ұсынылған. Ол партияның астаналық филиалына жетекшілік етеді. Оған дейін талай жыл жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдар атқарған. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы оған кандидат куәлігін табыстады.

Бейсенбі, 20 Қазан 2022, 19:48

Соңғы шығарылымдар