АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 20.10.2022

Тіл дауынан кейін Chocolife қосымшасының иесі, кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың үстінен арыз түсті. Аңдамай сөйлеген ірі бизнес иесі кәсібіне «бойкот» жариялаған елден кешірім сұрап, қазақ тілін үйренемін деді. Қазақ тілінде сөйлегендерді сынаған кәсіпкерге қатысты қоғам не деп жатыр? Аягөз Тұрсынбай барлық тараптың пікірін білді. 

Ертең президенттікке кандидаттарды тіркеудің соңғы күні. Бүгін тағы екі үміткер ресми тіркеліп, кандидат куәлігін алды. Журналистер қазір ресми тіркелген кандидаттан сұхбат алып жатыр. Ол – өздерін оппозиция санайтын ұйымнан түсіп жатқан 65 жастағы Нұрлан Әуесбаев. Үміткер «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» атынан ұсынылған. Ол партияның астаналық филиалына жетекшілік етеді. Оған дейін талай жыл жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдар атқарған. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы оған кандидат куәлігін табыстады.

Жемқорлық символына айналған Астана LRT-нің құрылысына тағы да миллиардтар бөлінді. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов: «жобаны соңына дейін жеткізу үшін кезең-кезеңімен қаржы бөліп отырамыз», – деді. LRT-нің тағдыры не болмақ? Халық не дейді? Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл біліп көрді

Бейсенбі, 20 Қазан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар