Несие алып, қарызға батқандар мәселесіне қатысты ұсыныс жарияланады. Президенттің Жетісу өңірінде айтқан сөзінен кейін кредиті бар халық Тоқаев қандай сүйінші жаңалық жеткізер екен деп күтіп жүр. Жалпы, жұрт несиені не үшін алады? Әріптесіміз Жансұлу Жиенқұл айтсын.
Президент сайлауына түсетін кандидаттардың үгіт-насихат жүргізу жұмыстары ресми түрде басталды. Орталық сайлау комиссиясы осы бойы құжат тапсырған соңғы екі үміткердің саяси додаға қатысу мүмкіндігін жариялады. Толығырақ Айя Мүтәлі айтып береді.
Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өзі келіп қосқан көгілдір отын шенеунік кеткеннен кейін 15 минуттан соң өшіп қалған. Халықты мазақ етті деген тұрғындар көзбояушылық себебін сұрап әкімдікке де барыпты. Алайда атқамінерлердің жауап бермек түгілі, халықпен кездесуге шамасы жетпеген. Назерке Үкібасова тарқатады.
Пятница, 21 октября 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.