«Төрт түлігімізді автожолдың келесі бетіне өткізу азапқа айналды». Осылай деген Жамбыл облысындағы Ақыртөбе ауылының халқы жаяу жүргіншілер жолы мен мал өткеліне мұқтаж. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойында орналасқан ауыл тұрғындарының талай малын көлік қағып кеткен. Халық осы мәселені 13 жыл бойы әкімдер қаперіне алмай, жол салушылар ескермейтініне ашулы. Амалы таусылған шопандар жолдың арғы бетіндегі жайылымға өту үшін сегіз шақырым жерді айналып келеді. Ашынған ақыртөбеліктер аудан билігі мен жолға жауапты шенеуніктерге үндеу жолдады.
Среда, 26 октября 2022, 19:48
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.